Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Home Credit Tengri Ultra 2018 - Ұлы дала марафоны қалай өтті?

Home Credit Tengri Ultra 2018 - Ұлы дала марафоны қалай өтті?

Ұлы дала марафоны деген атпен танымал болған Home Credit Tengri Ultra биыл төртінші рет ұйымдастырылды. 6-7 мамырда Іле өзеніндегі Тамғалы таста марафонға 7kun.kz тілшілері де барып қайтты.

27-ден астам елден келген 1500-ге жуық марафоншы 15, 35 және 70 шақырым қашықтық бойынша жарыс алаңына шықты. ТМД елдерінен бөлек Оңтүстік Африка Республикасы, Италия, тіпті, Жаңа Зеландия елінің азаматтары Ұлы дала марафонын өз көзімен көру үшін Алматыға аяқ басты.

«Бұл жылы марафон төртінші рет болып өтті және де біз мәрелік және жүлделі орын медальдарының дизайнын осы күнге дейін қайталап көрген жоқпыз. Біздің арт-директорымыз Василий Кочетков осы жылы Ұлы дала дәстүрлеріне сай айрықша стильді марапаттаулар ойлап тапты. Бұл шығармашылық тұжырымдаманың бастауы ретінде Шыңғыс хан пайцзаларын атауға болады, олар Home Credit Tengri Ultra 2018 ең мықты атлеттеріне беріледі», - деді брифингте старттың техникалық директоры Вадим Винокуров.

Home Credit Tengri Ultra ең алғаш 2015 жылы ұйымдастырылды. Ол кезде әлемнің 10 елінен 376 атлет қатысқан еді. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, Ұлы дала марафонының негізгі мақсаты – спортсүйер белсенді қазақстандықтар арасында жаңа тенденция қалыптастыру.

Марафонның ашылу салтанатында оттан секіру, садақ ату және түрлі дала мәдениеті көрсетілді.

Хоум Кредит Банкі екінші жыл қатарынан Ұлы дала марафонының титулды демеушісі болып отыр. Банктің басқарма төрағасы Ондржей Кубик те Home Credit Tengri Ultra-да 70 шақырым қашықтыққа жүгірген атлеттер қатарында болды.

«Хоум Кредит Банкі қазақстандықтар арасында салауатты өмір салтын дәріптейтін және дамытатын жобаларға ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Біз Tengri сериясындағы барлық старттардың бас демеушісі ретінде бірінші жыл қызмет етіп отырған жоқпыз және де жыл өткен сайын Home Credit Tengri Ultra жай марафон емес, әлемнің жиырмадан астам елінен мыңдаған қатысушының басын біріктіретін атлеттер өміріндегі бірегей далалық оқиғаға айналып келе жатқанын көруге қуаныштымыз», – деді Хоум Кредит Банкі басқармасының төрағасы Ондржей Кубик.

Одан бөлек, шараға Алматы облысының әкімдігі, табиғи минералды Turan суы, Алматы қаласының қорғаныс істері бойынша департаменті қолдау көрсетті. Ал Beeline Kazakhstan компаниясы марафонның басынан аяғына дейін қатысушыларды 4G интернетпен қамтамасыз етті.

Қатысушылар Іле өзенінің жағалауына жайғасты. Бірнеше шақырымға созылған лагерьде 2 мыңға жуық адам болды дейді ұйымдастырушылар. Атлеттердің отбасы мүшелері мен достары да оларға қолдау көрсету үшін келген.

IV Home Credit Tengri Ultra ұйымдастырушылар үшін экологиялық тазалық та басты орында тұрды. Сол себепті бір реттік пайдалануға болатын ыдыстар мен басқа да химиялық зияны бар заттарды қолданудан түбегейлі бас тартылды. Сондай-ақ, лагерьде қоқысқа арналған контейнерлер болды. Ал Turan компаниясы марафондағы пластикалық қоқыстардың барлығын жинап, қайта өңдеуге жіберді.

IV Home Credit Tengri Ultra International Trail Running Association қабылдаған марафон туралы барлық стандарттарға сәйкес ұйымдастырылды. Жүгіру жолдарында тамақ ішуге арналған орындар, құтқару бригадалары мен еріктілер жұмыс атқарды.

15 шақырым қашықтық бойынша бірінші орынды украиналық Геннадий Зеленский 50 минут, 21 секунд көрсеткішпен бірінші орынды иемденді. Осылайша, ол былтырғы нәтижені 6 минутқа жаңартты.

35 шақырым қашықтық бойынша ұйымдастырылған жарысты Рауан Абулханов жеңіп алды. Ол жарыс жолын 3 сағат 37 минут және 37 секундта жүгіріп өтті.

Ал ресейлік Марина Абильдаева 70 шақырымды 7 сағат 17 минут және 6 секундта басып өтіп, жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Ерлер арасындағы 70 шақырымдық жарыста марафонның рекордын Яков Козлов жаңартты. Ресей азаматы 70 шақырым қашықтықты 6 сағат 25 минут және 34 секундта жүгіріп өтті.

6-7 мамырда өткен Ұлы дала марафоны көпшіліктің есінде жаңартылған рекордтар мен жаңа достар арттырумен есте қалды. Қатысушылардың саны ұйымдастырушылардың болжамынан асып түскен IV Home Credit Tengri Ultra 2018-ді расымен де халықтарды бір-бірімен жақындатқан үлкен мерекеге айналды.

Похожие материалы