Алматы. 12 шілде. 7kun.kz — "KZ-CERT" компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Халық банкінің ресми интернет-ресурсын имитациялайтын фишингтік интернет-ресурсты анықтады.
"KZ-CERT" қызметіне homebank.kz ресми интернет-ресурсын қайталайтын күдікті интернет-ресурс туралы өтініш келіп түсті, ол homeYbank.com домендік атауымен жасырынған. Мамандар осы интернет-ресурсқа егжей - тегжейлі талдау жасап, оның нәтижелері бойынша фишингтік нысандардың бар-жоғы анықталды", - делінген хабарламада.
Бұл ресурс homebank.kz-ті дәл көшіріп алған, мұнда да авторландыру үшін карта ұстаушыларға мыналарды енгізу қажет болды: сенімді телефон нөмірі| Homebank идентификаторы | my Halyk логині және пароль.
Хабарламаға сәйкес, ұялы нөмір арқылы авторизациялау кезінде пайдаланушы loading.php бетіне бағытталғанын байқамай, одан кейін қаскүнемдердің ойы бойынша ұялы нөмірге алынған sms-кодты енгізуі тиіс болған.
Аталған интернет-ресурс "KZ-CERT" қызметімен "Интернет желісіндегі алаяқ интернет-ресурс/фишинг"деп жіктелген.
"Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, барлық қазақстандықтарды домендік атауына (іздеу жолында енгізілетін) назар аударуға шақырамыз және осындай күдікті интернет-ресурс табылған жағдайда, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) тегін нөмірі бойынша хабарлауды немесе мына сілтеме бойынша өтінім жіберуді сұраймыз: http://www.kz-cert.kz/ru/form, сондай-ақ электрондық мекенжайға хат жіберуге болады: incident@kz-cert.kz",-деп атап өтті "KZ-CERT" қызметінің мамандары.