Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Хорватияда Қазақстанға жүк тасымалдайтын ірі кемелер жасалады

Хорватияда Қазақстанға жүк тасымалдайтын ірі кемелер жасалады

Астана. 7 маусым. 7kun.kz - 3 маусымда Загребе қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен хорватиялық «Ульяник» кеме кәсіпорны арасында паром кемесін жасау келісімі жасалды. Бұл туралы Қазақстан темір жолының баспасөз қызметі хабарлады.

 Маңызды құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен «Ульяник» компаниясының бас директоры Джанни Росанда Хорватия  Республикасының президенті Колинды Грабар-Китаровичтің қатысуымен қол қойылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан аумағы арқылы транзиттік жүк ағынын өсіру мақсатында ұлттық көліктік инфрақұрылымды дамытуға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ауқымды шараларды жүзеге асыруда. Каспийде еліміздің транзиттік әлеуеттін арттыру мақсатында Құрық портында паром кешені құрылысы жүргізілуде. «Қазіргі таңда біз Әзербайжан, Грузия, Түркия, Қытай секілді серіктестерімізбен бірігіп, Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы жүк ағынын өсіруді қолға алып отырмыз. Аталмыш бағдарды дамыту халықаралық сауданың артуы мен логистикалық қызметтің сапалы дамуына септігін тигізеді. Ол үшін мультимодальдық жүк тасымалын атқару үшін бізге қазіргі заманғы паромдар қажет»,-деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин. Каспий айдынымен темір жол вагондарын тасымалдайтын Хорватия кәсіпорнынан шығарылатын паром кемесі ерекше болмақ. Себебі хорватиялық өзіндік кәсіпорынның бұл өндіріс түрімен айналысып, кеме жасап  жатқанына 160 жыл болыпты. «Ульяник» кеме жасау компаниясының бас директоры Джанни Росандының айтуынша, Қазақстан - әлемдік нарықтың үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын серіктестік орнатылған маңызды мемлекеттерінің бірі. Сондықтан да бұл елге арнайы жоғары сапалы кеме жасалып қана қоймай, алдағы уақытта кеме жасауға қажетті соңғы үлгідегі технология да жеткізілетін болады.  

Похожие материалы