Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ХҚКО қызметкерлері азаматтарға салық декларациясын тапсыруға көмектеседі

ХҚКО қызметкерлері азаматтарға салық декларациясын тапсыруға көмектеседі

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Халыққа қызмет көрсету орталықтары салық декларацияларын тапсыру кезінде қазақстандықтарға көмек көрсетеді. Бұл туралы
«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді.

Ол декларацияны электронды түрде «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Салық төлеушінің жеке кабинетінде» тапсыруға болатынын түсіндірді.

«Салық төлеуші үйде, жұмыс орнында, Интернет желісіне қолжетімді болатын кез-келген құрылғыдан декларация тапсыра алады. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, әрине, ол ХҚКО-на жүгіне алады, қызметкерлер көмектеседі, кеңес береді. Қағаз декларациясы бойынша - толтырасыз, ХҚКО келіп, тапсырасыз. Біздің әрбір операторымыздың міндеті елімізде көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беру болып табылады, сондықтан бұл стандартты рәсім болады деп ойлаймын», - деп атап өтті Абылайхан Оспанов.

Сондай-ақ, төраға денсаулық сақтау министрлігі биометрия арқылы дәрігерлік рецептілерді шығаруды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл тегін дәрі-дәрмектерді шығаруды есепке алу үшін керек.

«Электрондық рецепт биометрияға байланысты болады деп жоспарлануда», - деді Абылайхан Оспанов.

«Жеке куәлік бойынша, биометрияны ешқандай проблемаларсыз алуға болады. Дәріханада азаматтарды сәйкестендіретін камера тұратын болады», - деді компания басшысы жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жоспарлар туралы.

Похожие материалы