Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚХР-да мыс пен никель арзандауда

ҚХР-да мыс пен никель арзандауда

ҚХР тұрғын үй нарығының әлсіреуіне байланысты сейсенбі күні мыс бағасы әлсіреуін жалғастырды, никель қатарынан жетінші сессия бойына арзандап келеді, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

ҚХР Ұлттық статистика басқармасының мәліметтеріне сәйкес қаңтар айында жаңа салынған құрылыстардың бағасы елдің 70 ірі қаласының 64-нде төмендеді.

Goldman Sachs Group Inc. берген бағасына сүйенсек, Қытай тұтынатын мыстың шамамен жартысы жылжымайтын мүлік секторына тиесілі екен.

"Қытайдың жылжымайтын мүлік нарығы әлсіреуін жалғастырып жатыр. Осыған байланысты металға деген сұраныстың азаюын болжауға болады", - деп мәлімдеді Майндағы Франкфурт қаласындағы Commerzbank AG сарапшысы Дэниэл Брисманн.

Жеткізілімді қоса есептегендегі мыс бағасы сейсенбі күнгі Лондонның металдар биржасындағы (LME) сауда барысында үш ай ішінде 1,2%-ға, тоннасы үшін $5678 дейін түсті. Наурыз айындағы жеткізілімді қоса есептегендегі мыс бағасы Comex Нью-йорк алаңында 1%-ға,фунты үшін $2,5785 дейін арзандады.

Үш ай ішінде жеткізілімді қоса есептегендегі никель құны Лондондағы сауда барысында 1,8%-ға, тоннасы үшін $14340 дейін төмендеді. 6 ақпаннан бері металл бағасы 5,9%-ға құлдырады.

Сейсенбі күні қорғасын, алюминий, мырыш пен қалайы да арзандады.

 

Похожие материалы