Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Храпунов шетелдегі мүліктерін офшор арқылы сатып алған

Храпунов шетелдегі мүліктерін офшор арқылы сатып алған
 

Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz - Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов жылжыйтын және жылжымайтын мүліктерді офшор арқылы «сатып алған». Бұл арқылы ол мемлекетке 300 млн залал келтірген. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Марат Бекетаев Үкімет отырысында айтты.

Ол АҚШ және Швейцариядан  жалдамалы заңгер мен офшор компаниялар арқылы  мүліктерді сатып алып отырған. Мұны дәлелдеу қиынға соғады, бірақ алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Атап айтқанда Калифорния соты Қазақстан Республикасының азаматтық талабы бойынша  Храпунов отбасының мүлкін тұтқындап, Швейцарияда қылмыстық іс қозғалды.

«Біз мақсатты түрде Виктор Храпуновтың активтерін тартып алуға тырысамыз. Оны күштеп тұтқынға алу, құжаттарды алғызу біздің қолымыздан келеді. Мұндай жұмыстар тек АҚШ-та  ғана  емес, Швейцарияда да жүргізіліп жатыр. Айта кету керек Храпуновта бірнеше вилла мен автокөлік бар», - деп айтты Марат Бекетаев.

Оның айтуынша барлық мүліктерінің бағасын шығару қиын, себебі  оның иесі Храпунов екенін дәлелдеу керек.

«Мүліктерді сатып алуға мықты заңгерлермен бірге жұмыс жасап, барынша дайындалған. Мүліктер Храпуновқа тікелей тіркелмеген, тек заңды тұлғалар мен офшорлық компаниялар арқылы тіркелген, сондықтан дәлелдеу арқылы ғана  тәркілеу жүргізе аламыз. Белгілі-бір уақыт қажет болғандықтан, көп еңбекті де талап етеді», - деп атап өтті Марат Бекетаев.

Похожие материалы