Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Huawei америкалық компаниядан 1 млрд доллар талап етті

Huawei америкалық компаниядан 1 млрд доллар талап етті

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Huawei америкалық Verizon операторынан қытай компаниясының 230 патенті үшін 1 млрд доллар төлеуді талап етті.

The Wall Street Journal мәліметтері бойынша, әңгіме желілік жабдыққа, инфрақұрылымға, интернет заттардың технологияларына және басқаларға патенттер туралы болып отыр. Басылым көздерінің ақпаратына сәйкес, Huawei осы мәселеге бойынша 2019 жылы ақпан айында Verizon-ға жүгінген.

Патенттерді 20-дан астам Verizon жеткізушілері пайдаланған, деп жазады Reuters. Дереккөздердің айтуынша, бұл компаниялар америкалық оператордың шығынын өтеуі керек. Олардың кейбіреулеріне Huawei тікелей жүгінген.

2019 жылдың маусымында Huawei және Verizon өкілдері Нью-Йоркте кейбір даулы патенттерді талқылау үшін кездесті. Verizon бұл заңды мәселе екенін ескере отырып, түсініктеме беруден бас тартты. Дегенмен, компания контекстке сәйкес, Huawei-мен байланысты кез-келген мәселе барлық салаға әсер етеді деп атап өтті. Huawei түсініктеме берген жоқ.

Еске сала кетейік, 2019 жылы мамыр айында АҚШ-та Huawei қара тізімге енді. Алайда кейін АҚШ билігі Huawei-ге елдегі жұмысты 2019 жылдың 19 тамызына дейін уақытша жалғастыруға рұқсат берді.

Похожие материалы