Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы Ресейде ЖІӨ-нің төмендеуі мүмкіндігін жеткізді

2015 жылы Ресейде ЖІӨ-нің төмендеуі мүмкіндігін жеткізді

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Ресей экономикасының 2015 жылы 3%-ға төмендейтіні күтіліп отыр. Осыған дейін ол ЖІӨ-нің ағымдағы жылы 0,5% жоғарылайды деп есептелінгенін жаңарған әлемдік экономикалық шолуда (World Economic Outlook Update, WEO) атап өтілді.

2014 жылдың қорытындысы бойынша ХВҚ Ресей экономикасының өсу дәрежесін 0,6% деп бағамдады, қазан айында 0,2% деп күтілген еді.

2016 жылы РФ-ның ЖІӨ қордың пікірінше, 1%-ды құрайды, ал алдыңғы болжамда ол 1,5%-ға жоғарылайды деп үміттенген.

Сонымен қатар, қор әлемдік ЖІӨ-нің 2015 және 2016 жылдарға арналған өсім болжамын да 0,3 п.п төмендеткен, яғни жылына 3,5% және 3,7% құрауы мүмкін. 2014 жылдағы әлемдік экономикалық өсім, қордың бағамы бойынша 3,3%-ды құрады, бұл дегеніміз қазан айындағы бағамға сәйкес келеді.

ЖІӨ-нің emerging markets елдеріндегі өсім болжамы 2015 жылы 0,6 п.п-ға - 4,3%-ға дейін, 2016 жылы 0,5 п.п - 4,7%-ға дейін төмендетіліп отыр. Осылайша, ХВҚ қытайлық экономиканың өсімін де 2015 жылы 0,3 п.п - 6,8%-ға дейін, 2016 жылы – 0,5 п.п-ға 6,3%-ға дейін бағасын түсірген. Үнділер экономикасының өсім болжамын 2015 жылы 0,1 п.п - 6,3%-ға дейін, 2016 жылы еш өзгеріссіз 6,5% болып қала береді. БРИКС-тің келесі бір қатысушысы Бразилияның өсім болжамы 2015 жылы 1,1 п.п -0,3% және 2016 жылы 0,7 п.п - 1,5%-ға дейін төмендейді.

ТМД елдерінің экономикасы ХВҚ-ның болжамы бойынша, 2015 жылы 1,4%-ға төмендейді (бағам сәуірдегімен салыстырғанда 2,9 п.п төмендеген), ал 2016 жылы 0,8%-ға өсім күтілуде (1.7 п.п төмендеген). Ресейді санамағанда, ТМД елдерінің ЖІӨ 2015 және 2016 жылдары сәйкесінше 2,4% және 4,4%-ға өсе бермек, қазанда қор сәйкесінше 4% және 4,6%-ға өсім күткен еді.

Қор өзінің қазан айындағы өсім бағамына аздаған өзгеріс енгізді, яғни дамыған мемлекеттердің ЖІӨ дәрежесін 0,1 п.п көтерді, ал 2016 жылға арналған болжамын 2,4% деп сол күйі қалдырды. Сонымен қатар, ХВҚ осы жылы АҚШ-тың экономикасы қазандағы болжамынан 0,5 п.п 3,6%,-ға жоғары болады, ал 2016 жылы 0,3% (3,3%) көтеріледі деп күтілуде. Еуроаймақтың ЖІӨ 2015 жылы керісінше 0,2 п.п - 1,2%- ға дейін, 2016 жыл үшін 0,3 п.п 1,4%-ға төмендеткен. Жапония экономикасындағы өсім 2015 жылы 0,2 п.п - 0,6%-ға дейін түссе, 2016 жылы қордың пікірінше 0,8%-ға өседі (0,1 п.п төмендеген) деген пікірде.

 

Похожие материалы