Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ХВҚ: Қазақстанның экономикалық өсімі 2,5 пайыз болады

ХВҚ: Қазақстанның экономикалық өсімі 2,5 пайыз болады

Астана. 9 ақпан. 7kun.kz - Халықаралық валюта қоры 2017 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі  қысқа және орта мерзімді перспективада болады деп болжам жасап отыр. Бұл туралы қордың Қазақстандағы өкілі Марк Хортон мәлімдеді.

«Біздің болжауымызша, 2017 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі шамамен 2,5 пайызды құрайды", - деді Хортон Астанада өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, мұнай секторындағы өсім 2020-2021 жылдары 4%-ға дейін көтеріледі. Бұл «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында жасалған шаралар мен құрылымдық реформалардың көрінісі болады.

Айта кетейік, бұған дейін ХВҚ Қазақстандағы ЖІӨ 2017 жылы 0,6% болады деген болжам жасаған.

Ал Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2017 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 2%-дан кем болмайды деген болжаған. 2016 жылы ЖІӨ 1% болды.

Похожие материалы