Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ХВҚ еуроның долларға шаққандағы әлсіреуінен қауіптеніп отырған жоқ

ХВҚ еуроның долларға шаққандағы әлсіреуінен қауіптеніп отырған жоқ

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) еуроның АҚШ долларына шаққандағы әлсіреуінен әзірше қауіптеніп отырған жоқ деп хабарлайды MarketWatch.

Еуропалық валюта бағамының ауытқулары "іргелі факторларға сәйкес келеді" деп мәлімдеді бейсенбі күні өткен брифинг барысында ХВҚ төрағасы Герри Райс.

"Валюта нарығында болған жақындағы ауытқулар мұнай бағасының түсуі, несие-ақша саясатының бағыттары мен экономикалық болжамдар арасындағы қайшылықтар секілді факторларды қамтып көрсетеді", - деді Г.Райс.

FactSet Research мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылдың басынан бері еуро америкалық валюта арасындағы қатынаста құнының шамамен 12,3% жоғалтты.

Похожие материалы