Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ХВҚ Ұлттық банкке екінші деңгейлі банктердің бірігуіне жол бермеу керектігін айтты

ХВҚ Ұлттық банкке екінші деңгейлі банктердің бірігуіне жол бермеу керектігін айтты

Астана. 10 ақпан. 7kun.kz – Екінші деңгейлі банктер әлсіз қаржылық институттардың қатысуымен бірікпеу керек. Коммерциялық банктердің қосылуы еркін нарықтық негізде жүзеге асуы тиіс. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының мәлімдемесінде айтылды.

"Коммерциялық банктердің шоғырлануы еркін нарықтық негізде жүзеге асуы керек. Оған әлсіз институттардың қатысуын тежеу керек. Мұндай операцияларды банктерді заңды және қаржылық бағалаудан кейін өткізу керек. Ол үшін ресми ұйымдар бірігу нәтижесінде банктің берік әрі тұрақты болатынына сенімді болуы шарт", - деп жазылған мәлімдемеде.

ХВҚ-тың есептеуінше, қосымша капиталдандыру мен банктер консолидациясы Ұлттық Банктің қаржылық мәселелерін ешу үшін қажет.

«Кредит бойынша шығындарды есептеп, акционерлердің капиталды ұсынуы бұл саланы нығайтуда шешуші рөл атқарады. Капитал талаптарын әлсірететін шараларды шектеу қажет. Банктер қажетті капитал өсімін көбейтуі керек немесе бұл әрекетті тоқтатуы тиіс»-деп хабарлайды қаржы институты.

Похожие материалы