Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ХВҚ Украинаға 17,5 млрд доллар бөлу туралы шешім қабылдады

ХВҚ Украинаға 17,5 млрд доллар бөлу туралы шешім қабылдады

Халықаралық валюта қорының басқарма кеңесі Украинаға 4 жылдық көмек бағдарламасы аясында 17,5 млрд доллар бөлу туралы шешім қабылдады. Экономикасы банкрот алдында тұрған мемлекетке ХВҚ осы жыл ішінде екінші рет көмек бөліп отыр деп хабарлайды ВВС.

Әзірге қаржылай пакеттің  жеткізілу уақыты  хабарланған жоқ. Ал Украина премьер-министр Арсений Яценюктың сөзінше, бірінші несие үлесі 5 млрд долларды құрайды.

"Бұл бағдарлама тағы 7,5  млрд доллар көлемінде қаржы алуға жол ашады. Аталған ақша экономиканың қаржылық сектор мен валюта курсын тұрақтандырып, 2016 жылдан бастап экономикалық дамуға мүмкіндік береді", -деді Арсений Яценюк. Алдағы 4 жыл ішінде Украина барлығы 25 млрд доллар алуы қажет.

Ел президенті Петр Порошенко ХВҚ-ның бұл шешімін Украинаға деген сенімділік және өркениетті әлемнің қолдауы деп атады.

Украина қаржы министрі Наталья Яреськоның атап өтуінше, ХВҚ-ның шешімі Украина билігінің реформалар бағдарламасын қолдайтындығын білдіреді.

Украина үкіметі арнайы меморандум қабылдау арқылы 12 ақпанда ХВҚ-мен серіктестікке келісімін берген еді. Сол уақыттан бері жаңа несие алу үшін ХВҚ-ның алдын-алғы шарттарын орындап келеді.

Үкімет тарапынан 2015 жылдың бюджетіне өзгерістен енгізіліп, электр мен газ тарифтерін көтеру туралы шешім қабылдады.

 

Похожие материалы