Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ХВҚ қызметкерлері өз ұсыныстарымен бөлісті

ХВҚ қызметкерлері өз ұсыныстарымен бөлісті

Алматы. 30 қараша. 7kun.kz – Халықаралық валюта қоры (ХВҚ)  Қазақстанға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есебінен мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландырмауды ұсынды.  Ұлттық Банктің баспасөз қызметі  Қазақстандағы ХВҚ қызметкерлерінің миссиясы мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Тосқауылдарды жою және қарыз алу құнын төмендету бойынша шаралардың негізділігін  түсіне отырып, қолдау шаралары арнайы және уақытша болуға тиіс және ҚР ҰБ-ның немесе Зейнетақы қорының   (БЖЗҚ) қаражаты есебінен емес, бюджеттен қаржыландырылуға тиіс деп санаймыз" , - дейді ХВҚ-ның қызметкерлері.

Сарапшылар "7-20-25" бағдарламасының үлгісі ретінде банк облигацияларын 200 млрд теңге инвестициялау  және  салалық бағдарламаларға 600 млрд теңге бөлу туралы жаңа бастама жасады.

Бұдан басқа, мамандар банк секторын қалпына келтіру тақырыбын қозғады.

"ҚР ҰБ-ның Банк секторын қалыпқа келтіру бағдарламасының (БСҚБ) көмегімен банк жүйесінің тұрақтылығы сақталды. Капиталдандыру, портфельдің сапасы, өтімділік және кірістілік көтерілді. Проблемалық кредиттерді есептен шығарудың едәуір көлемі ескеріле отырып, кредиттеу, әсіресе жеке тұлғаларды кредиттеу көлемінің ұлғайғаны байқалады", - деп түсіндірді ХБҚ-да.

Сонымен қатар, олар Цеснабанкке бөлінген қосымша қаржылық қолдау алаңдаушылық туғызатынын атап өтті.

Похожие материалы