Экономика
Выбор редактора
І тоқсанда "Beeline Қазақстан" табысы 0,6%-ға төмендеді
2015 жылдың қаңтар-наурызында "Beeline Қазақстан" тобының жалпы табысы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға төмендеп, 30,284 млрд. теңгені қамтыды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Есептік кезеңде компанияның EBITDA көрсеткіші 14,981 млрд. теңгеге жетті, бұл 2014 жылдың І тоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,9%-ға артық.
2015 жылдың І тоқсанында EBITDA маржасы 49,5% болды, 2014 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіш - 47,8%.
Абоненттің орташа есебінің құны (ARPU) 7,9%-ға төмендеп, айына 898 теңгені қамтыды.
MOU коэффициенті (бір клиенттің сөйлеген минуттерінің орташа көлемі) 7%-ға, айына 273 минутқа дейін қысқарды.
Компания клиенттерінің саны 4,7%-ға артып, 9,6 млн. абонентке жетті.