Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

І тоқсанда Теле2 абоненттерінің саны 428 мыңға артты

І тоқсанда Теле2 абоненттерінің саны 428 мыңға артты

2015 жылдың І тоқсанында Теле2 Қазақстан байланыс қызметтерін пайдаланушылардың саны 428 мыңға артты, өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіш 20 мың болатын. Осылай Теле2 абоненттерінің саны 3 млн 700 мыңға жетті (2014 жылы 1 тоқсанында - 2,7 млн) деп хабарлады "Теле2 Қазақстан" басқарма төрағасы Пиетари Кивикко дүйсенбі күні Алматыда өткен брифинг барысында.

2015 жылдың І тоқсанында түсім өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артып, 8,828 млрд теңгені қамтыды. Бұл ретте осы кезең ішіндегі абоненттік түсім өткен жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 24%-ға жоғарылаған.

Абоненттік базаның өсімі мен осыған байланысты операциялық шығындар EBITDA көрсеткішіне (салықтарды, пайыздарды және өтемпұлдарды төленгенге дейінге пайда) әсер еткен, бұл көрсеткіш осы кезеңде 4 млн теңгеге жеткен (2014 жылғы көрсеткіш 15,3 млн теңге).

2015 жылдың І тоқсанында дыбыстық сервистердің көлемі 100%-ға өскен, мәліметтерді табыстау көлемі де жоғарылаған, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда өсім 152%-ды қамтыды.

"Өткен жылы біз алғақы рет бір жыл бойы оң пайдаға шығып, 546 000 абоненттің келуінен таза ағынға қол жеткіздік, ал биылғы жылдың бірінші тоқсанында 428 000 абонентті құрайтын салыстырмалы мөлшерге қол жеткіздік. ... Интернет провайдері ретіндегі позициямызды нығайту үшін инвестициялар салуды жалғастырамыз", - деп мәлімдеді П.Кивикко.

Похожие материалы