2015 жылдың қаңтар-наурызында Еуразиялық банк активтері 5,3%-ға өсіп, 766,155 млрд теңгені қамтыды деп көрсетілген Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарты (ХҚЕС) бойынша жасалынған банктің жиынтықталған қаржылық есептілігінде.
Банк міндеттемелері көрсетілген кезеңде 5,8%-ға қысқарып, 698,8 млрд теңгеге жетті, меншікті капитал 10%-ға, 67,3 млрд теңгеге дейін жетті.
Осы жылдың І тоқсанында қаржы ұйымының таза пайдасы 2,6 есе азайып, 524,691 млн теңгені қамтыды.
Ұлттық банк мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Еуразиялық банк Қазақстандағы 38 банктің ішінде актив көлемі бойынша 10 орынға тұрақтады.