Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әйелдердің зейнет жасын қысқарту: Премьер-Министр жауап берді

Әйелдердің зейнет жасын қысқарту: Премьер-Министр жауап берді

Нұр-Сұлтан. 12 шілде. 7kun.kz – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әйелдердің зейнет жасын қысқарту туралы ұсынысқа жауап берді, деп хабарлайды 7kun.kz Хабар24-ке сілтемемен.

Оның айтуынша, бұл төлемдер көлемінің күрт төмендеуіне әкеледі.

Бұған дейін сенаторлар Үкімет басшысына әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін қысқартуды сұрап, ұсыныс жолдаған болатын. Премьер бұл салымдардың азаюына әкелетінін түсіндіріп, ұсыныспен келіспеді. Өмір сүру ұзақтығының өсуіне байланысты зейнеткерлік жасты арттыру процесі көптеген елдерде, соның ішінде көрші елдерде – Әзірбайжан, Армения, Ресей және Беларусьте байқалады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық әйелдер олардың зейнет жасын қысқартуды талап етіп, оған вице-премьер Ералы Тоғжанов жыл соңына дейін аталған мәселе бойынша шешім қабылданатынын айтқан болатын.

Похожие материалы