Алматы. 27 қазан. 7kun.kz – Бос тұрған 5 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспары мерзімінен бұрын орындалғаны атап өтілді. Сондай-ақ бұрын тұрып қалған 1,8 млн гектар жерді иелері игеруге кіріскен.
«Осы жылдың өзінде министрліктің жер ресурстарын басқару комитеті республика бойынша 1357 жоспардан тыс тексеру жүргізді», – делінген хабарламада.