Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әйгілі наркобаронның бауыры Escobar Fold 1 смартфонын шығармақ

Әйгілі наркобаронның бауыры Escobar Fold 1 смартфонын шығармақ

Әйгілі колумбиялық есірткі бароны Пабло Эскобардың бауыры Роберто Эскобар Escobar Fold 1 деген атпен смартфон шығармақ.

Смартфон Samsung Galaxy Fold, Huawei Mate X сияқты
экраны иілгіш, жиналмалы болмақ. Алайда бағасы олардан сәйкесінше 5,6 және 7 есе арзан - 349 доллардан сатылады деп жоспарланған.

Өнімді жарнамалау үшін Эскобар Мәскеуде жартылай жалаңаш қыздардың қатысуымен фотосессия жасаған.

Смартфон 7,8-дюймдік, 1920 x 1444 пикселдік AMOLED экранмен, 16 Мп және 20 Мп екі камерамен, бір кристалды Qualcomm Snapdragon 855 жүйесімен, 6 және 8 ГБ жедел жадымен, 128 немесе 512 ГБ флэш-жадымен, 4000 мА·ч. аккумулятормен жабдықталмақ.

Сондай-ақ екі SIM-картаны, 4G LTE желісін, Wi-Fi (802.11 ac) қолдайды және құлаққапқа арналған 3,5 мм тесігі мен USB Type-C портымен жабдықталады. Android 9 Pie операциялық жадысы орнатылған құрылғының салмағы 320 грамм шамасында болмақ.

Алайда, құрылғының пайда болуына нарықтағы басқа ойыншылар қарсы сияқты. 7-10 қаңтар аралығында АҚШ-та өтетін CES 2020 халықаралық электроника көрмесін ұйымдастырушылар смартфонды көрсетуден бас тартқан. Оған себеп - басқа ойыншылардың қарсылығы.

Escobar Inc басшысы ресми сайтында "Samsung өздерінің өніміне ұқаса, бірақ арзан өнімнің бір көрмеде қатар тұрғанын қаламайды.Олар өз күштерін біздің аузымызды жабу үшін пайдаланып отыр. Бірақ, Пабло Эскобар оларға дейін болған, олардан кейін де болады", деген сыңайда мәлімдеме жасаған.

Похожие материалы