
Астана. 6 қазан. 7kun.kz – Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ президент Жарлығымен Қайрат Омаров Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.