Алматы. 23 шілде. 7kun.kz - Полиция Алматыдағы селге байланысты әлеуметтік желілерде таралған барлық суреттер мен видеоларды зерттеп жатыр деп хабарлайлы Tengrinews.kz. Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек Желіде таралған көпшілік жарияланымның жалған екенін растады.
Нақтырақ айтқанда, ІІД өкілдері әлеуметтік желіде Ресейдегі селдің видеосын Алматыдағы сел көшкінімен байланыстырған адамды іздестіруде. Жалған ақпаратты таратқандарға 5000 АЕК көлемінде айыппұл немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетелік, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзеніндегі су тасқынының көбеюі туралы ақпарат 03.00-те келіп түскен.
Алматының Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандары сел салдарынан зардап шекті. 600-ге жуық адам қауіпсіз аймақтарға көшірілді.