Алматы. 4 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәжіліс кулуарында Жаңаөзендегі митингке қатысты түсініктеме берді.
«Бір топ адам Қазақстанда 55 қытайлық кәсіпорын ашылады дегенге қарсы шықты. Бүгінгі күні бұл ақпарат жалған және ешқандай кәсіпорындар ашылмайды, бірлескен кәсіпорындар бар, инвестициялар бар. Бірақ әлеуметтік желілерде қате ақпарат тарап жатыр, бұл заңсыз», - деді Тұрғымбаев.
Оның айтуынша, егер заңсыз митингіге шақыратын болса, ішкі істер органдары бұл митингілерді жолын кесетін болады. Бүгінгі таңда бәрі тыныш.