Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ІІМ: Митинг кезіндегі адам өлімі туралы ақпарат жалған

ІІМ: Митинг кезіндегі адам өлімі туралы ақпарат жалған

Нұр-Сұлтан. 9 маусым. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан қаласындағы заңсыз митинг кезінде бір азаматтың қаза тапқаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Нұр-Сұлтан қаласындағы заңсыз митинг барысында егде жастағы қатысушы естен танып құлады. Оқиға орнында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлері жедел медициналық көмек дәрігерлерін шақырып, олар келгенше алғашқы медициналық көмек көрсетті. Нәтижесінде азаматтың жағдайы жақсарып, дәрігерлердің демеуімен оқиға орнынан өзі кетіп қалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство желіде тараған қоғамдық тәртіпті бұзушыларды полицияның ұстауы кезінде бір адамның қаза тапқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтындығын атап өтті.

"Қызметкерлер азаматтарға қарсы арнайы құралдар қолданған жоқ. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті қасақана жалған ақпарат тарату ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке түрткі болатынын ескертеді. Аталған фактіге орай кінәлі тұлғаларды анықтау және оларды жауапқа тарту шаралары қабылданып жатыр", - деді министрлікте.

Похожие материалы