Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ІІМ-нің бюджеті 42 млрд теңгеге қысқартылды

ІІМ-нің бюджеті 42 млрд теңгеге қысқартылды

Нақтыланған бюджетте барлығынан бұрын ішкі істер министрлігінің шығындары қысқартылды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде сенат депутаты Ертарғын Астаев мәлімдеді.

"Барлығынан үлкен қысқарту ішкі істер министрлігіне келді, шамамен 41,8 млрд теңге. Ұлттық экономика министрлігінің шығыны 15,8 млрд теңге, білім және ғылым министрлігінікі 13,6 млрд теңге, қаржы министрлігінікі - 6,733 млрд теңге", -деп атап өтті депутат. Осы арқылы шығындар 7,2 трлн теңге көлеміне дейін азайтылған.

Жаңа инвестициялық жобалардың мерзімін 2016-2017 жылдарға кері шегеру арқылы 152,3 млрд теңге үнемделді. Әлеуметтік саладағы бағдарламаларды қайта қарау арқылы шығындар 138,2 млрд теңгеге қысқартылды.

"Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының бюджеті 22,3 млрд теңгеге азайтылды. Осыған дейінгі бюджетте шығындар 610 млрд теңгеге дейін қысқарту қажет деп жоспарланған еді.

 

Похожие материалы