Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - SpaceX және Tesla Motors компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Neuralink атты жаңа компания құрмақ. Ол кәсіпорын адам жадысындағы мәліметтерді компьютерге көшіретін технология шығаратын болады.
Компания “нейронды шілтер” технологиясы арқылы электродтарды миға имплантациялайды. Осылайша, адамдар өз миларындағы мәліметті компьютерге көшіріп немесе компьютердегі мәліметті миына жүктеп ала алады.
Сонымен қатар, осы әдіс арқылы миға қатысты кей ауру түрлерін де емдеуге жол ашылады.
Neuralink компаниясы 2016 жылдың шілде айында тіркелді. Илон Маскпен қатар бұл компанияның тең құқылы негізін қалаушы америкалық кәсіпкер Макс Ходак та бар. Оның айтуынша, компания жұмысқа енді кірісіп жатыр.