Әлем. 21 желтоқсан. 7kun.kz – Белгілі америкалық кәсіпкер және Илон Маск Twitter басшысы қызметінен кететінін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Маск бас директор қызметінен кетуге дайын екенін, алайда ол үшін нақты бір шарт орындалу керектігін айтты.
«Мен осы қызметті атқаруға дайын ақымақ адам табылған кезде бас директор қызметінен кетемін! Одан кейін мен бағдарламалық жасақтама және сервер командаларын басқарамын», – деп жазды Маск Twitter парақшасында.
Еске салайық, биылғы қазанда Маск Twitter-ді сатып алу бойынша құны 44 миллиард доллар болатын келісімді аяқтады.
20 желтоқсанда CNBC Илон Маск Twitter-ге жаңа бас директорды белсенді түрде іздеп жатқанын хабарлады.