Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Илон Маск Twitter-ді сатып алғаннан кейін, Tesla акцияларын 4 миллиард долларға сатты

Илон Маск Twitter-ді сатып алғаннан кейін, Tesla акцияларын 4 миллиард долларға сатты

Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – Америкалық миллиардер Илон Маск өзі негізін қалаған Tesla Inc компаниясының 4,4 миллион акциясын сатты. Бұл дерек АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына (SEC) жіберілген нормативтік құжаттарға сәйкес анықталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Сатылым биржада сейсенбі және бейсенбі күндері, яғни миллиардер Twitter Inc-ты 44 млрд долларға сатып алғаннан кейін екі күн өткен соң жасалған.

Құжаттарға сәйкес сатылып жатқан акциялардың бағасы бір акция үшін 870 доллардан 1000 долларға дейін болған. Осылайша миллиардер 4 миллиард долларға жуық қаражат тапты. FactSet мәліметтері бойынша, осы аптада акцияларды сатқанға дейін Илон Маскка шамамен 17% немесе 171 миллионнан астам акция тиесілі болған.

Twitter-мен мәміле аясында бизнесмен өз қаражатынан 21 миллиард доллар бөлуі керек. Бұл сомаға 12,5 миллиард доллар көлемінде несиелік қаржыландыру кіреді, оны миллиардер құны 62,5 миллиард доллардан асатын Tesla акцияларына кепілге алды. Сонымен қатар, компанияның өзі және бірнеше банктер Tesla қағаздары бағасы арзандаған жағдайда Илон Маск кепілдегі акциялар санын көбейтуі керек деген ережені қолданды.

Илон Масктың Tesla-ға ықпалы акцияларды сатудан кейін төмендеуі мүмкін. Өйткені компания құрылтайшыларға арналған және әдеттегі акцияға қарағанда көбірек дауыс беру құқығын беретін жеке қағаздар класын шығармайды.

Похожие материалы