Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz — Кәсіпкер Илон Маск жасанды интеллект саласындағы зерттеулермен айналысатын OpenAI бейкоммерциялық ұйымының директорлар кеңесінен кетті, деп мәлімдеді rb.ru.
Бұл Масктың өзге жобаларымен, әсіресе Tesla компаниясымен мүдделер қайшылығын болдырмауға мүмкіндік береді, делінген OpenAI мәлімдемесінде.
"Tesla жасанды интеллектті дамытуға баса назар аударғандықтан, (компания ЖИ негізделген автопилотты көлік жасап жатыр) Масктың кетуі болашақта орын алуы мүмкін мүдделер қақтығысын болдырмауға мүмкіндік береді"- деді ұйым.
Алайда Маск директорлар кеңесінен кеткенімен, ұйымды қаржыландыру мен кеңес беруін жалғастыра береді.
Айта кетейік, Маск 2015 жылы Y Combinator акселератор құрушы Сэм Альтман мен бірге OpenAI негізін қалаған.
Қания Табыс