Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Илон Масктың жоғалған спутнигі Оңтүстік Африка валютасының құнсыздануына себеп болды

Илон Масктың жоғалған спутнигі Оңтүстік Африка валютасының құнсыздануына себеп болды
Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz - 9 қаңтар күні таңертең ОАР-дың валютасы ранданың курсы 1 пайызға құлдырап кетті, деп хабарлады Bloomberg.
Бұл SpaceX ракетасы Zuma атты құпия спутникті ғарышқа алып ұшқаннан кейін білгілі болған. Кейін белгілі болғандай спутниктің аты Оңтүстік Африканың президенті Джейкобю Зуманың тегімен бірдей екен. «Спутник жоғалып кетті», деген ақпаратты бірқатар БАҚ «ОАР басшысы жоғалып немесе отставкаға кетті» деп қате таратқан. Нәтижесінде руанданың курсы бірден өсіп, артынша қайта құлдыраған. Bloomberg-тің жазуынша руанда курсының өзгеруіне трейдингтегі автоматтық жүйенің кінәсі де бар. Ол жаңалықтар негізінде активтерді сату туралы шешімді қабылдайды. ОАР валютаның курсы тек екі сағаттан кейін ғана қалпына келген.

Похожие материалы