Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы болып тағайындалды

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы болып тағайындалды

Алматы. 23 қараша. 7kun.kz – Белгілі мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов алдағы үш жылда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын (ҰҚШҰ) басқарады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Бас хатшы мүше мемлекеттердің азаматтары арасынан ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің ұсынуы бойынша үш жыл мерзімге кеңестің шешімімен тағайындалады», – делінген ҰҚШҰ жарғысында.

Бүгін саясаттанушы Ербол Еділовтың Telegram-арнасында және «Власть» интернет-басылымында Станислав Застың орнына Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы болып тағайындалуы мүмкін деген ақпарат шықты. 2020 жылы Станислав Зась Беларусь мемлекеті атынан ұйымны Бас хатшысы болып тағайындалған еді.

Айта кетейік, бүгін президент Ереванға жұмыс сапарымен барды. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы ҰҚШҰ-ның бұрын бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өтетін ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады. Онда ҰҚШҰ Бас хатшысының кандидатурасын бекіту мәселесі қаралуы мүмкін.

Иманғали Тасмағамбетов әр жылдары ҚР премьер-министрі, Астана және Алматы қалаларының әкімі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі болып, және президент әкімшілігін басқарып, басқа да бірқатар маңызды мемлекеттік қызметтерді атқарды.

Похожие материалы