Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында (2015-2019 жж) Алматыда жалпы құны 11 млрд теңге болатын 5 жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.
Алматы үшін ең маңызды жобалар ретінде лак-бояу өнімдерін шығаратын кәсіпорынның іске қосылуы, бикарбонат картридждер өндіріс жолға қою, Алматы ашытқы зауытын модернизациялау, кабель-өткізгіш өнімдерді шығару бойынша зауыт құрылысы, Алматы фармацевтикалық фабрикасын кеңейту аталып отыр.
Үкімет индустрияландыру бағдарламасының ары қарайғы дамуы үшін 6,6 трлн теңге бөліп отыр.