Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Инфляция осы жылдың қаңтар-тамызында 2,9% болды

Инфляция осы жылдың қаңтар-тамызында 2,9% болды

Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz – Инфляция 2018 жылғы қаңтар-тамызда 2,9% болды, бұл өткен жылғы осындай кезеңнің көрсеткіштерінен төмен. Жылдық инфляция өткен жылдың соңындағы 7,1%-бен салыстырғанда тамызда 6,0%-ға дейін баяулады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Үкіметінің «Әлеуметтік-экономикалық дамудың және республикалық бюджеттің орындалуының 2018 жылғы 8 айдағы қорытындылары туралы» отырысында сөз сөйлеген кезде айтып берді.

Ол халық арасында сауалнама жүргізу нәтижесі бойынша тамызда бір жыл алға күтілетін инфляцияны сандық бағалау ағымдағы жылдық инфляция деңгейімен іс жүзінде теңесіп, 5,9% деңгейінде екендігін атап өтті.

«Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалауы бойынша, ағымдағы жылы инфляция 5-7% нысаналы дәлізде сақталады. Алайда соңғы бірнеше айда инфляцияның Ұлттық Банк осыған дейін бағалағанынан баяу төмендеу тәуекелдері өсті. Инфляция 2019 жылы нысаналы дәліздің жоғары шегіне жуық қалыптасады, оны Қазақстан Ұлттық Банкі 4-6% деңгейінде айқындады. Бұл сыртқы факторлар әсеріне, сондай-ақ ішкі жиынтық сұраныстың кеңеюіне байланысты. Осыған орай инфляцияны нысаналы дәлізде сақтау үшін қосымша шаралар қабылдау қажет», - деді Д.Ақышев.

Ол жыл басынан бастап базалық мөлшерлеменің 10,25%-дан 9%-ға дейін төмендетілгенін атап өтті. Егер инфляция тәуекелі бойынша бағалау дұрыс болса, Қазақстан Ұлттық Банкі жыл соңына дейін ақша-кредиттік талаптардың қатаңдауын жоққа шығармайды.

Похожие материалы