Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Инновациялық гранттарды алуға өтінімдер 2 тамыздан бастап қабылданады

Инновациялық гранттарды алуға өтінімдер 2 тамыздан бастап қабылданады

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында инновациялық гранттарды алуға өтінімдер 2 тамыздан бастап қабылданатынын мәлімдеді.

Спикердің сөзінше өтініштерді word форматында және Digital Baiterek интернет порталы арқылы онлайн режимде 2 қазанға дейін жодауға болады.

«Біз бизнес процестерді қайта инженерлеуден өткіздік және гранттарды беру шарттарын жақсарттық. Егер бұрындары бизнес үшін жиі тартымсыз болып табылатын және соңғы өнімді шығаруды қарастырмайтын гранттың 9 түрі қарастырылған. Ал қазіргі уақытта, оларды қаржыландыруды шектеу айтарлықтай ұлғайып үш түрге топтастырылды», – деп атап өтті «ТДҰА» АҚ басшысы Марат Омаров.

Сонымен қатар Марат Омаров үш топқа бөлінген грант түрлерінің әрқайсына тоқталып өтті. Ол жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың технологиялық дамуына инновациялық гранттарды берудің жаңа ережелеріне сәйкес, гранттың сомасы лицензиялық шарт бойынша дәлелденген шығындардың 70%-ын немесе жабдықтарды сатып алу үшін дәлелденген шығындардың 50%-ын құрайтынын, ал ақшалай түрде 400 млн. теңге болатынын баяндады.

Похожие материалы