Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Instagram-ға бірден 10 сурет салуға болады

Instagram-ға бірден 10 сурет салуға болады

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz -  Instagram әлеуметтік желісі бір жазбаға он сурет және видеороликке дейін салуға мүмкіндік береді. Бұл туралы hitech.vesti.ru порталы жазады. 

Instagram өкілдерінің сөзінше, енді қолданушыларға "тек бір ғана суретті немесе видеоны таңдаудың қажеті жоқ". Олар суреттерді және роликтерді жеке-жеке немесе барлығын бірдей өңдей алады. Геолокация, лайктер мен пікірлер және сипаттама барлық жазбаға ілінеді.

Қолданушы лентаға жазбаны орналастырғанда оның жанында жаңа форматқа сілтеме беретін көк нүкте тұрады. "Әткеншек" форматы бұл тәсілге өте жақсы келеді. Өміріңізде болған кез келген оқиғаның ең үздік сәттерімен бөлісіңіздер", - деп түсіндірді компаниядан.

 Жаңа қызмет алдағы уақытта  iOS және Android құрылғыларында пайда болады.

Похожие материалы