Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Instagram iOS пайдаланушыларына жаңа мүмкіндік ұсынады

Instagram iOS пайдаланушыларына жаңа мүмкіндік ұсынады

Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Instagram iOS-та бір уақытта бірнеше аккаунттарда бір жазбаны жариялау қызметін сынай бастады. Бұл туралы TechCruch хабарлады.

Әлеуметтік желінің өкілі бұл мүмкіндікті iOS-тың барлық пайдаланушыларына қолжетімді болатындығын растады. Қолданушылар бір фотосуретті немесе бейнені өзі басқаратын барлық аккаунттарда бір уақытта жариялай алады. Instagram-дағы жаңа мүмкіндік компанияларға, пікір көшбасшыларына және қарапайым пайдаланушыларға жарнама жазбаларын жариялауға көмектеседі. Сонымен қатар, жаңалықтар арнасының бірегейлігін сақтау үшін Instagram пайдаланушыларға өздерінің немесе басқа тұлғалардың жазбаларын қайта жариялауға мүмкіндік бермейді. Жаңа мүмкіндік Android пайдаланушылары үшін қолжетімді болады ма, жоқ па белгісіз. Айта кетелік, Android пайдаланушылары үшін әлеуметтік желі фотосуреттерді Google Photos-тан жүктеудің жаңартылған әдісін сынақтан өткізіп жатыр: енді таңбашалар жеке қалтада емес, суреттерді таңдау экранында орналасқан.  

Похожие материалы