
Instagram-ның әлемдік аудиториясы 400 миллионнан асты. Бұл туралы 22 қыркүйекте фотосервистің блогында хабарланды.
Instagram ақпаратынша, 75%-дан астам қолданушы АҚШ-тан басқа мемлекеттерде тұрады. Аудиторияның жартысынан көбі Еуропа мен Азия елдерінен, ал белсенділігі жоғары қолданушылар - Бразилия, Жапония және Индонезия тұрғындары. Сондай-ақ, 316 миллион қолданушысы бар Twitter-ден асып жатқандығы да жазылған.
Instagram пайда болған 4 жыл ішінде салынған суреттер саны 30 миллиардтан асты. Желі қолданушылары күнде 70 миллионнан астам сурет пен видеороликтер алмасып, 2,5 миллиард лайк жинайды.