Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Instagram» орнына «Россграм»: Ресейде жаңа әлеуметтік желі іске қосылады

«Instagram» орнына «Россграм»: Ресейде жаңа әлеуметтік желі іске қосылады

28 наурызда Ресейде интернет-маркетолог Александр Зобов "Россграм" әлеуметтік желісінің таныстырылымын жасады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Instagram аналогын жасаушылардың бірі бұл "әлеуметтік желінің толыққанды жұмыс істейтін прототипі – бұл функционалдылық пен ыңғайлылықты сынайтын мотор" деп атап өтті.

"Россграм" әлеуметтік желісін Android Және IOS қолданушылары жүктей алады. Әлеуметтік желіге бірінші болып блогерлер мен жобаның серіктестері баға береді. Ал көпшілікке әлеуметтік желі сәуір айында қолжетімді болады.

Зобов жарияланған видеосында «Россграм» негізгі функцияларының жұмысын көрсетті. Сонымен қатар, ол әлеуметтік желі беттерін шолып, суреттерге лайк басып, пікір жазып, суретін жариялады.

Желіде қосымшаға байланысты пікір екіге бөлінді. Кейбір пайдаланушылар «Россграм» логотипінің дизайнын сынға алып, қосымшаның 69 долларға сатып алуға болатын PixelPhoto платформасымен ұқсастығына назар аударды. Екінші жағынан, прототип көпшілікке ұнап, әлеуметтік желіге қашан тіркелуге болатындығына сұрап, қызығушылық танытуда.

Сонымен қатар, «Россграм» жасаушылары жарияланымдарға, жазылымдарға және анықтамалық бағдарламаға ақылы қол жетімділікті қамтитын мазмұнды монетизациялауға уәде берді.

Айта кетейік, 14 наурыздан бастап Instagram әлеуметтік желісі Ресей аймағында бұғатталған болатын.

Похожие материалы