Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Instagram видео ұзақтығын арттырды

Instagram видео ұзақтығын арттырды

Instagram фотосервисі видео ұзақтығын арттырды. Енді сервисті қолданушылар 1 минутқа дейінгі видеоны желіге жүктей алады, деп хабарлайды Lenta.ru.

Сервис қызметкерлерінің сөзінше, ұзақ түсірілген роликтер толық оқиғаны қамтуға мүмкіндік береді. Сондықтан аталған жаңа жүйе фотосервисте алдағы бірнеше айда іске қосылады. Ал кейбір пайдаланушылар 29 наурыздан бастап 1 минуттық видео жүктеуге қол жеткізе алады.

Сондай-ақ, Instagram өкілдерінің мәліметі бойынша, жарты жыл ішінде пайдаланушылардың желідегі видеоны көруге жіберетін орташа уақыты 40 пайызға артқан.

Айта кетейік, 2013 жылдың маусым айында Instagram-да 15 секундтық видео жүктеу мүмкіндігі  туды. Осы уақытқа дейін ролик уақытының ұзақтығы өзгерген емес. Алайда 2016 жылдың ақпан айында сервиске жарнама берушілер 1 минуттық видео жүктеу мүмкіндігіне ие болды.

Похожие материалы