Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Instagram желісінде жаңа функция пайда болады

Instagram желісінде жаңа функция пайда болады

Әлем. 19 шілде. 7kun.kz – Енді Instagram қолданушылары чат арқылы тікелей тапсырыс жасай алады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Meta сайтының жазуынша, Instagram-да қолданушыларға хабарламалар арқылы шағын бизнестен зат сатып алуға мүмкіндік беретін төлем функциясы пайда болады.

Егер пайдаланушы бір затқа қызықса, ол тікелей компанияға хабарлама жібере алады, содан кейін қажет болған жағдайда керекті параметрлерді қосып, тікелей чатта тапсырыс беру мүмкіндігіне ие.

Сонымен қатар пайдаланушылар тапсырыстарын қадағалап, сол чатта өздерін қызықтырған қосымша сұрақтарын қоя алады. Компания өкілдерінің сөзінше, Instagram желісінің жаңа нұсқасы сауда жасау үшін Meta Pay төлем қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.

Похожие материалы