Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Instagram желісіндегі ең бай алматылық жігіт кім?

Instagram желісіндегі ең бай алматылық жігіт кім?
Жақында nur.kz мен baistars.kz  "Instagram-дағы ең бай балалар" тізіміне енген қазақ жігіті шетелдіктерді таң қалдырғаны туралы жазды. Аталған сайттар 2015 жылдың жазында алматылық Димаш Әділет  есімді жігіттің Ұлыбританиядан Instagram әлеуметтік желісі туралы деректі фильмге түсуге шақырту алғаны туралы жазған еді. Сол деректі фильм жақында жарыққа шығыпты. Онда интернет арқылы танымал болған әрі  Instagram-дағы ең бай жастарды көрсеткен. Агығын айтқанда біздің жерлесімізді. Ол онда өзінің байлығын ашық көрсетеді. Мысалы мына суреттегі зәулім үйін. 4-1024x576"Қымбат бағалы сағаттарының коллекциясы, үйінде джакузиден бастап барлық игіліктер бары, ал еденінде жолбарыстың терісі жайылғанын көруге болады» деп жазады nur.kz.51-1024x576 [caption id="attachment_35219" align="alignleft" width="533"]3cbdf6e9f4d3e36f9d535afd9d4f6b08 Әділет Қожабергенов пен Валентина Дурумбетова Фото: dorogoe.kz[/caption] Instagram-ға осыдан 4 жыл бұрын тіркелген жігіттің 24 мың досы бар екен.  Пікір қалдырғандар бұл жігіттің кім екенін анықтап әлек.  Бізге атын айтуды қаламаған дерек көздің айтуынша  бұл қалталы жігіт Әділет  Кожабергеновтің  ұлы  Дінмұхамед  Сұлтанбеков.  Әкесі Әділет Қожабергенов «Достар» компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі, анасы Валентина Дурумбетова Respect жарнама агенттігінің бас директоры. Әділет Қожабергенов кәсіпкер ғана емес танымал гольфшілердің бірі. «Винзавод «Иссык» АҚ-қа қатысы бар тұлғалардың тізіміндегі дерекке сүйенсек  қазір Димаш Әділет  аталып жүрген қалталы жігіт 1995 жылдың 15 мамырында дүниеге келген. 11 жасында Швецарияның Женева қаласында  білім алған.  Әлеуметтік желідегі акаунтында   Harvard University –де білім алғаны туралы жазылған. girl-lady-mom.com сайтындағы жазбалардың бірінде оның макро, микроэкономика, психология салаларын әлі де меңгеру үстінде екендігі, әжесі орыс екендігі, қанның араластығы жігіттің көрікті болуының себепшісі болуы мүмкін екендігі жазылады.  

Похожие материалы