Экономика
Институтционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамның тізімі жарияланды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау сөзінде айта кеткен бес институтционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамның тізімі "Егемен Қазақстан" газетінің сайтында жарияланды.
Бес институционалдық реформаның тізімі келесі бөлімдерден тұрады: кәсіби мемлекеттік аппарат құру; заңның үстемдігін қамтамасыз ету; индустрияландыру және экономикалық өсім; біртектілік пен бірлік; есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.
Бірінші бөлімде мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімін жаңғырту, мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы айтылады. Осыған байланысты бірқатар заң жобалары әзірленіп, қабылданады, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте жемқорлыққа қарсы арнайы бөлімше құрылады және қызметтегі мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттау жүргізіледі. Бұған қоса, бұл саладағы өзгерістер мемлекеттік қызметке шетелдік менеджерлерді, жеке сектордың мамандарын және халықаралық ұйымдарда қызмет ететін Қазақстан азаматтарын жұмысқа қабылдауға мүмкіндік береді.
Екінші реформа бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, аппеляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) үш сатылы (бірінші, аппеляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне өту қарастырылған. Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктері көбейтіліп, біліктілік талаптары қатайтылады. Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейтіледі, Астанада AIFC халықаралық арбитраждық орталығы құрылады және т.с.с.
Үшінші бөлімге сәйкес, Қазақстанның ауыл шаруашылық секторына стратегиялық инвесторларды жұмылдыру, сондай-ақ нарық айналымына шаруашылыққа арналған жерлерді енгізуден бастап, олардың мақсатты арналуын ауыстыруға дейінгі ресімдерді қарапайым етуге дейінгі бірқатар өзгерістерді іске асыру жоспарланып отыр. Бұған қоса, импортшыларға үздіксіз салық салуды қамтамасыз ету мақсатында кеден және салық жүйесі біріктіріледі. Сонымен қатар Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіне кемінде 10 трансұлттық корпорацияны жұмылдырылмақ.
Төртінші бөлім қазақстандық біртектілікті нығайтуға бағытталған, бұл бағытты ілгері жылжытатын негізгі күш орта тап болмақ. Осыған байланысты бірқатар бағдарламалар әзірленеді: "Мәңгілік Ел" патриоттық актісі, "Үлкен ел - үлкен отбасы" кең көлемді жобасы және т.б.
Бесінші реформа есеп беретін мемлекетті құруды меңзейді. Мемлекеттік органдардың жетекшілері жыл сайын өз ведомстволарының жетістіктері туралы есеп беретін болады. Сонымен қатар барлық бюджеттік және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитінің нәтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтің сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп жарияланатын болады.
Аталған реформаларды іске асыру үшін Президент жанынан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылды, бұл комиссияға премьер-министр Кәрім Мәсімов жетекшілік етеді. Комиссия құрамы отандық және шетелдік сарапшылардан тұратын бес жұмыс тобынан жасақталған.
Бұған дейін сайтымызда Н.Назарбаев мемлекеттің келешектегі құрылысының 100 қадамын таныстырғаны туралы
жазған болатынбыз.