Алматы. 25 қазан. 7kun.kz – 2018 жылдың үш тоқсанында Қазақстанда интернет-провайдерлер қызметінің көлемі 180,5 миллиард теңгеге жетті, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда, 6,7%-ға жоғары, - деп хабарлайды Finprom.kz.
Көрсетілген қызметтер көлемінің айтарлықтай өсуіне қарамастан, интернет-байланыс абоненттерінің саны қыркүйек айының соңында жылына 1,6%-ға, 2,5-тен 2,45 млн-ға дейін қысқарды.
Соңғы 5 жылда көрсетілген қызметтердің көлемі екі есеге немесе 80,3 млрд теңгеге артты. Осы бесжылдықта белсенді интернет пайдаланушылар саны 654,6 мың адамға өсті.
Республика көлемінде тиянақталған интернетке жоғары жылдамдықты қосылу абоненттерінің ең көп шоғыры Астанада тіркелген – 675,3 мың. Екінші орында – Алматы, 354,5 мың абонент. Үшінші орында – Алматы облысы, мұнда интернет абоненттерінің саны 173,1 мың.
Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингтің 57-орнында. Орташа жылдамдық – секундына 28,9 Мегабит. Рейтингтің алғашқы ондығына Сингапур, Исландия, Гонконг, Румыния, Венгрия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Швейцария, Испания, Швеция кіреді. Сингапурде интернеттің орташа жылдамдығы – секундына 184 Мегабит.
Қазақстан Еуразия экономикалық одағы елдері арасында бұл жағынан үшінші орында тұр.