Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Инвестициялар және даму вице-министрі Пәкістан елшісімен кездесті

Инвестициялар және даму вице-министрі Пәкістан елшісімен кездесті

Алматы. 6 шілде. 7kun.kz –  ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Пәкістан Ислам Республикасының Өкілетті Елшісі Абдул Салик Ханмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар инвестиция, көлік және логистика, авиация және тағы басқа бірқатар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң динамикасын сөз етті. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналым 2018 жылдың 1-тоқсанында 14,9 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13,7%-ға жоғары. Айта кетейік, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналым 2017 жылы 28,4 млн. доллар, ал, 2016 жылы 25,6 млн. АҚШ долларын құраған болатын. Сондай-ақ, тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың да оң динамикасы барын тілге тиек етті. Пәкістанның Қазақстан экономикасына салған инвестициясының ағыны соңғы 13 жылда 27,4 млн. АҚШ долларына жетті. Сонымен бірге, екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде пайдаланылмаған әлеуеті бар екені атап өтілді.

Осыған байланысты, Министрліктің Пәкістан тарапына өткен жылдың тамыз айында қарауға әзірленген Қазақстан Республикасы мен ПИР арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың Жол картасын жүзеге асыру екіжақты экономикалық қатынастардың дамуына қосымша серпін береді. Атап айтқанда, Гвадар/Карачи порттары арқылы Пәкістаннан жүктерді тасымалдау кезінде транзиттік және көлік саласында, сондай-ақ Парсы және Оман Парсы шығанағы елдерінің ірі көлік торабына айналатын Иран Бандар-Аббас портында бірлескен терминал құруға бағытталған. Қазіргі уақытта Иранның теміржол инфрақұрылымы «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржол желісі арқылы Пәкістанға жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Дегенмен, бүгінгі күні Пәкістанға және Пәкістаннан тасымалдау жүзеге асырылмайды.

Похожие материалы