Алматы. 8 қараша. 7kun.kz - 2 жыл қатарынан шетелдік Қазақстан мұнай өңдеу саласында инвестициялар үлесі артып келеді. 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде кокс және мұнай өңдеу саласына 259,6 млрд теңге инвестиция құйылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100,5 млрд (63,5%) теңгеге көп, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Инвестиция көлемінің артуы мұнай өнімдерінің де көптеп өндірілуіне септігін тигізді. Атап айтқанда, бензин өндіру 2015-2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде - 4,4 пайызға, 2017 жылы - 6,1 пайызға, оттық мазут өндіру – 5,5 пайызға өсті. Ал, дизель отынын шығару, керісінше, 3 пайызға қысқарды.
Мұнай өндіру саласына берілген несие көлемі – 3,7 пайызға, шетелдік инвестиция көлемі – 3,9 пайызға артты.
2 жыл бұрын мұнай саласына бөлінген капиталдың негізгі үлесін компанияның өзі салған. Оның ішінде қарыз беру - 31,8%, шетелдік инвестиция - 25,2% құрады. Қазір бұл көрсеткіштер 3 есе артқан.
Мейірім Бақытжанова