Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Инвесторлар қазақстандық жобаларға қатысудан бас тартты

Инвесторлар қазақстандық жобаларға қатысудан бас тартты

Алматы. 30 шілде. 7kun.kz — Индустрияландыру бағдарламасы аясында бұрын іске қосылған, бірақ кейіннен тоқтап қалған 72 жобаның 49-ы өз қуаттылығының 50%-ында және одан да көп деңгейде жұмыс істейді, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов.

"Іс жүзінде мемлекеттік бағдарлама аясында енгізілген 1280 жобаның 72-і тоқтап қалды. Олардың ішінде, бүгінгі таңда 49 жоба пайдалануға берілді және олар жобалық қуатқа шығу үшін жұмыс істейді. Енгізілген барлық 49 жоба өзінің жобалық қуаттылығынан 50%-ға және одан да көп жұмыс істейді", - деді ол онлайн-конференция барысында.

Қалған 23 жоба үшін ИИДМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оларды енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

"Тоқтап қалған алты жоба бойынша біз жұмыс жүргізудеміз, бірақ жыл соңына дейін бұл жұмысты жалғастырған жөн. 14 жоба бойынша, инвесторлар мен осы кәсіпорындардың меншік иелері жобаларды одан әрі жүзеге асырудан бас тартты. Бұл 14 жоба жүзеге асырылмайды деп айтуға болады. Әрбір жоба бойынша салалық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жұмыс жүргізудеміз, оларды іске қосу бойынша жол карталары бекітілді және біз бұл жұмысты жалғастырамыз", - деді Ержанов.

Айта кетейік, 2010 жылдан бастап мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасының басталуымен 1280 жоба іске асырылып, 120 000 тұрақты жұмыс орнына құрылды. Индустрияландыру картасына 7,9 трлн теңге сомасына 1250 жоба енді. Екінші бесжылдықта 44 000-нан астам тұрақты жұмыс орнын құрумен 4,9 трлн теңге сомасына 480 жоба енгізілді.

Похожие материалы