Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Инвесторлар табылса, метро құрылысы жалғасын табады

Инвесторлар табылса, метро құрылысы жалғасын табады

Алматы. 26 қаңтар. 7kun.kz - Метрополитен құрылысын жалғастыру үшін Алматы әкімдігі инвесторлармен келіссөз жүргізу үстінде. Бұл жөнінде қала басшысы Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

"....Егер инвесторлар қаржы бөлетін болса, біз метро құрылысын жалғастырамыз», - дейді әкім. Оның айтуынша, тұрғындардың метроға қарым-қатынасы жақсы. Және қоғамдық көліктің осы түрін қолданатындар саны күн сайын артып келеді.
Сондай-ақ, Байбектің айтуынша, метродан түсетін қаражатқа электропойыздардың санын көбейту жоспарланып отыр. Себебі, қарбалас кезде адамдар пойызды ұзақ күтіп қалады.
Метромен айына 30 мыңға жуық адам қатынайды. Бастапқыда 7 метро бекеті салынған. Өткен жылы тағы 2 бекет қосылған болатын.

Похожие материалы