Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

IOSA сертификатының болуы туралы талап заңнамаға енгізілетін болды

IOSA сертификатының болуы туралы талап заңнамаға енгізілетін болды

Bek Аir әуе компаниясы мен Азаматтық авиация комитетінің өкілдері сейсенбі күні "Атамекен" ҰКП алаңында кездесіп, екі тарап арадағы келіспеушілікті реттеу туралы шешімге келді. ҰКП-дан хабарланғандай, комитет IOSA сертификатының болуы туралы талапты Заңнамаға енгізгеннен кейін әуе компания аудиттен өтетін болды.

«Біз IOSA сертификатының болуы туралы талапты заңнамаға енгіземіз. "Әуе кеңістігін пайдалану туралы" заңда ұшу қауіпсіздігін күшейту талаптарын арттырамыз және бұл заң бойынша жүзеге асырылады", - деді Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

Оның сөзінше, заң қабылданғаннан кейін аталған жаңа стандартқа сай сертификациядан өту үшін әуе компанияларға 1 жылдан аса уақыт қажет.

Өз кезегінде Bek Air әуе компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов егер аудит отандық заңнамаға енетін болса ІOSA-дан өтуге қарсы еместігін айтты.

«Егер Қазақстан үшін IOSA стандарты маңызды болса заңнамаға енгізейік. Сертификат заңды болған жағдайда 50 мың доллар немесе 5 млн долларға тұрарлық. Ішкі рейстерді жүзеге асырып жүрген әуе компаниялар үшін IOSA талабын орындау жаман емес", - деді ол.

ААК өкілдерінің ақпаратына сәйкес, қазіргі кезде  IOSA аудитінен әлемнің 404 әуекомпаниясы өткен.

Фото: uralsk.info

 

Похожие материалы