
2015 жылдың алғашқы фискалдық тоқсанында Apple $18.1 миллиард көлемінде табысқа кенеліп, ең қымбат компания аталды.
Сарапшылардың пікірінше, табыстың басты құпиясы iPhone-ның орташа бағасының $687 болып өскендігінде, бұл өткен жылмен салыстырғанда $ 50-ға өскен. Ал, Android операциялық жүйесіндегі смартфондардың орташа бағасы төмендеу, яғни $254.
iPhone смартфонын шығару мен жарнамалау құны $220 млн-нан аспайды. Андроид смартфондарын өндірушілерге қарағанда, айфонның бір телефонының өзінен түсетін таза пайда үлесі өте үлкен. Мәселен, Xiaomi компаниясының құрылғысының орташа бағасы - $220, сол себепті бірқалыпты баға нарықта тараудың басты құралы саналады.