Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ипотека алатындар көбейіп жатыр

Ипотека алатындар көбейіп жатыр

Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылдың соңғы екі айында ипотека қарыздарының портфелі 10 пайызға артып, соңғы рет 2012 жылы болған көрсеткішке жетті. Бұл туралы ranking.kz сараптама агенттігі жазды.

Агенттік сарапшыларының айтуынша, ипотекалық кредиттеу нарығы қайта жанданып келе жатыр. Бұған дейінгі үш жылда нарықта ешқандай қозғалыс байқалмай, берілген қарыздар портфелі 900 млрд теңге шамасында тұрған.

Алайда 2016 жылдың соңында аталған бағыт дамып, екі айдың ішінде нарық көлемі бірден 10 пайызға артқан. Осылайша, 2016 жылдың қорытындысы бойынша, алынған ипотекалық кредиттердің көлемі 9,2 пайызға артып, 983,3 млрд теңгені құраған.  Бұл – ипотека нарығында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұған дейінгі максимум 2014 жылдың шілдесінде – 934,6 млрд теңгені құраған.

Похожие материалы