Экономика
Ипотекалық қарыздарды кешірген банктер салықтан босатылады
Ұлттық банктың ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру бағдарламасына түскен қарыздарды кешірген екінші деңгейлі банктерді жеке табыс салығын босату ұсынылды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.
"Заң жобасы 2015 жылдың 1 қаңтары мен 2016 жылдың 1 шілде аралығында Ұлттық банктың ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру бағдарламасына түскен қарыздарды кешірген екінші деңгейлі банктерді жеке табыс салығын босатуды қарастырады. Аталған норма халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобындағы азаматтардың ипотекалық қарыздарының проблемасын шешу мақсатында ұсынылып отыр", - деді министр мәжілістегі салық төлеу және кедендік әкімшілік мәселелері жөніндегі заң жобасына түзету енгізетін отырыс кезінде.
Е.Досаевтың сөзінше, кешірілуге қатысты борышкерлердің жалпы сомасы 50,7 млрд теңгені құраған. Ал аталған қарызды кешіргендегі жеке табыс салығының көлемі 5,007 млрд теңгені құрайды.
Сондай-ақ заң жобасы халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобындағы және өмірлік жағдайға байланысты қиын жағдайға қалған азаматтардың, мүгедектердің проблемалы қарыздарын кешірген микроқаржылық ұйымдарды салық төлеуден босату ұсынылды. Әуетасымалдауға байланысты әуежайлық және техникалық қызмет көрсетуден түскен табысты ұжымдық табыс салығынан босату мәселесі де қарастырылды.
Еске салайық, осы жылдың сәуірінде Қазақстанда ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға қатысты бағдарлама қабылданды. Жобаның негізгі бағыты бойынша, 2004-2009 жылдар аралығында берілген, кепілі ретінде борышкердің жалғыз үй қойылған немесе жұбайы кепіл болатын ипотекалық қарызды қайта қаржыландырылады.